Accessibility links

Обама Конгресте ел экономикасына қатысты сөйлейді


АҚШ президенті Барак Обама Конгрестің бірлескен жиынында халыққа жолдау жасайды деп күтіліп отыр. Обама онда өзінің елдегі қаржы жүйесін құтқару жолындағы және АҚШ экономикасын рецессиядан шығарудағы іс-шаралары туралы айтатын болады.
Дүйсенбі күні Барак Обама 2013 жылға дейін бұрынғы президент Джордж Буштан қалған 1,3 триллион доллар бюджет тапшылығын жартысына дейін қысқартуға сөз берген. Бұл уәделер Обама өткен аптада ел экономикасын жандандыруға 787 млд доллар бөлетін заңға қол қойған соң айтылды. Бұл арада Нью-Йорк биржаларындағы құнды қағаздар құны қатты түсіп кетті.
XS
SM
MD
LG