Accessibility links

АҚШ: Пәкістанға берілген $12 млд терроризм қаупін құрта алмады


АҚШ Конгресі зерттеушілерінің жаңа баяндамасында соңғы 6 жыл ішінде Құрама Штаттардың ауған-пәкістан шекарасындағы ислам жауынгерлерінен төнген қауіпті жою үшін Пәкістанға берген 12 млд доллар көмегі далаға кеткен деп айтылған.
АҚШ-тың федералды үкіметі салық төлеушілердің қаржысын қалай жұмсап жатқанын бақылайтын бұл мемлекеттік жауапкершілік басқармасы алты жыл бойы АҚШ пен Пәкістан үкіметінің террормен күресіне қарамастан, әл-Қаида Пәкістанның тайпалы аймағын қауіпсіз мекенге айналдырып, АҚШ-қа тағы шабуыл жасау мүмкіндігін алып отыр дегенді айтады.
Баяндамада Құрама Штаттар 2002 жылдан бері содырларды түбірімен құрту үшін Пәкістанға әскери әрі экономикалық көмек ретінде 12,3 млд доллар бергені айтылған. Бірақ АҚШ агенттіктері бұл проблеманы шешу үшін әлі толыққанды жоспар болмай отырғанына тоқталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG