Accessibility links

Словения мен Хорватия премьер министрлерінің кездесуі сәтсіз аяқталды


Словения премьер министрі Борут Пахор мен Хорватия премьер министрі Иво Санадер даулы шекара мәселесін талқылады. Олардың Хорватияның Еуропа Одағына қосылу ұсынысын тоқтатқан даулы шекара мәселесін шешуге тырысуы сәтсіз болды.
1991 жылы екі ел Югославиядан бөлінген кезде дау басталып, Пиран бұғазы шекарасына байланысты талас туып отыр.
Еуропа Одағына 2004 жылы қосылған Словения бұл даулы шекара мәселесіне байланысты Хорватияның одаққа қосылу келіссөздерін тоқтатқан. Енді Хорватияның НАТО-ға қосылуына да кедергі келтіруі мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG