Accessibility links

Түркімен президенті Ташкентке барды


Түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен сауда және аймақтық қауіпсіздік келіссөздер өткізу үшін Ташкентке барды. Екі елдің арасындағы байланыстар Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрад Ниязов кезінде тұралап қалған, 2007 жылы билікке Бердімұхмедов келгеннен бері қайта жандана бастады.
Францияның AFP ақпарат агенттігі хабарлағандай, сәрсенбі күні өтетін ресми келіссөздердің сыртында Бердімұхамедов Ташкентте жаңадан салынған Түркіменстан елшілігінің ғимаратына барып, мәдени орындарды аралайтын болады.
Бұл Бердімұхамедовтың Өзбекстанға екінші ресми сапары.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG