Accessibility links

Билік партиясы депутаттың күрдше сөйлеуі арандатушылық деп отыр


Бүгін Күрдтердің Демократиялық қоғам партиясының жетекшісі Ахмет Түрк Түркия парламентіндегі депутаттарға жолдауын күрд тілінде жеткізе бастағанда, мемлекеттік телеарна тікелей толқындағы хабарын тоқтатып тастаған.
Тәуелсіз НТВ арнасының айтуынша, прокуратура бұған қатысты тергеуін бастады. Парламенттегі билік партиясы басшысының орынбасары Нихат Ергун депутат Ахмет Түрктің күрдше сөйлеген сөзін “арандатушылық” деп атады.
Ел конституциясы бойынша түрік тілі жалғыз ресми тіл болып есептеледі.
XS
SM
MD
LG