Accessibility links

Ресей: Днестрмаңына АҚШ пен ЕуроОдақтың көмегі қажет емес


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Молдованың мәскеушіл, жікшіл Днестрмаңы аймағымен қақтығысын Еуропа Одағы мен Құрама Штаттардың қатысуынсыз тікелей келіссөзбен шешуді ұсынды. Кишиневке барған сапарында Лавров өзінің Молдова мен Днестрмаңы жікшіл аймағы ресмилері арасындағы кеңесулерге кедергі жасамайтынын айтып, Ресейдің арағайындығын ұсынды.

Бұл аймақтағы 17 жылғы текетіресті шешу келіссөздеріне Ресей, Украина, ЕҚЫҰ, Еуропа Одағы, Құрама Штаттар және Молдова мен Днестрмаңы елінің ресмилері қатысып келеді.
Днестрмаңы аймағы 1990 жылы Молдовадан тәуелсіздік жариялаған. Бірақ ол халықаралық тұрғыда мойындалмады. Тараптардың 1992 жылдағы соғысы Ресейдің басқаруымен бейбіт аяқталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG