Accessibility links

Обама АҚШ-ның дағдарысты табысты түрде жеңетінін мәлімдеді


АҚШ Конгресі палаталарының алдында сөз сөйлеген президент Барак Обама елдегі экономикалық жағдайға тоқталып, Құрама Штаттардың экономикалық дағдарысты жеңіп, елдің одан әрі күшейе түсетініне сенім білдірді.

Барак Обама АҚШ-дағы экономикалық дағдарыспен күресудің үш бағытын атап көрсетті. Бұл АҚШ азаматтарына тұрмыстық мақсатқа несие беру үшін несиелік қор құру, отбасылардың айлық төлемдерінің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін баспаналық жоспар, мемлекеттің басты банктеріне бақылауды күшейту.

Сондай-ақ АҚШ Федеральды қор жүйесінің басшысы Бен Бернанке қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру жүзеге асса, Америка рецессиядан биыл шыға алады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG