Accessibility links

А. Мешімбаева: Халық санағы жұмыс орны бойынша да жүргізілуі мүмкін


Ұлттық халық санағының алғашқы бес күнінде көрсеткіштер төмен болатын болса, санақ қазақстандықтардың мекен-жайы бойынша ғана емес, жұмыс орындары бойынша да жүргізіледі, — деп хабарлады ҚР статистика агенттінің төрайымы Анар Мешімбаева.

«Алғашқы бес күнде біз ереже бойынша санақ жүргіземіз. БҰҰ адамдарды жұмысында алаңдатпас үшін үйлерінде санауды ұсынады. Егер бес күннің қорытындысы бойынша санақ қарқыны төмен болса, онда ережеден тыс шараға жүгініп, мекемелерде санақ жүргізетін боламыз. Ал Астанадағы мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орындарында санақ жүргіземіз, өйткені олар дағдарыс уақыты болғандықтан, үйлеріне кеш қайтады», — деді А. Мешімбаева.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG