Accessibility links

Кравчук Виктор Ющенконы отставкаға кетуге шақырды


Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук Виктор Ющенконы өз еркімен отставкаға кетуге және мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге шақырды.

Бұрын мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге қарсы шыққан бірінші президент енді билікте қалу үшін Украинада төтенше жағдай енгізуге дайын деп Виктор Ющенконы кінәлап отыр.

Киев қаласы басшысының орынбасары Евгений Червоненко Виктор Ющенконың ешқандай төтенше жағдай енгізетін ниеті жоқ деп мәлімдесе, Украина Жоғарғы Радасының спикері Владимир Литвин елде мерзімінен бұрын президенттік сайлау болмайтынын айтты.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG