Accessibility links

АҚШ-ның әскери бөлімі Ирактан 2010 жылы кетуі мүмкін


Американдық жасақтың әскери бөлімі Ирактан жуықтағы 19 ай мерзімінде шығарылады. Бұл туралы таяуда АҚШ президенті Барак Обама мәлімдейді, — хабарлайды Ақ Үй қызметкерлеріне сілтеме жасаған «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі.

Қазір Иракта АҚШ-ның 142 мыңға жуық әскери қызметкері бар. Әскери бөлім шығарылғаннан кейін елде ирактық әскерлерді жаттықтыруға 50 мыңдай американдық қызметкер қалдырылады. Вашингтон мен Бағдад арасындағы келісімге сәйкес, барлық АҚШ әскерлері Ирактан 2011 жылдың соңына дейін шығарылады.
XS
SM
MD
LG