Accessibility links

Иран Бушер стансасын алғашқы сынақтан өткізуге кірісті


Иран ресейліктер салып берген Бушер атом электр стансасын іске қосу үшін оны сынақтан өткізуді бастағанын айтты. Иранның ядролық агенттігінің өкілі Мохсен Ширазидің айтуынша, бұл атом электр стансасы орналасқан Иранның оңтүстік батысына Ресейдің атом компаниясының басшысы Сергей Кириенко мен оның ирандық әріптесі Голамреза Ағазаде барды. Ол екеуі Бушердегі атом электр стансасының жұмыстарын бақылады.
Батыс Ресейдің бұл атом электр стансасы құрылысына қатысқанын сынап келеді. Ресми Мәскеу оның бейбіт мақсатқа арналғанын жоба екенін айтуда. Бушер стансасы осы жылы іске қосылады деп күтілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG