Accessibility links

Пәкістан сыртқы істер министрі Х. Клинтонмен кездесті


Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен келіссөздер өткізді. Бұл кездесу Құрама Штаттардың Ауғанстан мен Пәкістандағы саясатын қайта бағалап қарауы аясында өтті.
Оның алдында Пәкістан сыртқы істер министрі өзінің ауғандық әріптесімен кездескен. Екі елдің сыртқы істер министрлері өз елдері арасындағы байланыстар енді сенімнің жаңа деңгейіне өткенін айтты.
Осыған дейін ауған-пәкістан шекарасындағы исламшыл жауынгерлердің әрекетіне байланысты тараптар бірін-бірі айыптап, шекарадағы шабуылдарға жауапкершілік алу турасында кернеулі мәселелер ушығып келген.
Пәкістан елдің барлау агенттігінің мүшелері талибан бүлікшілерін қолдайды дегенді жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG