Accessibility links

Түркияның ұшақ апатынан 9 адам қаза болды


Түркияның Turkish Airlines әуе компаниясының "Бойнг-737" ұшағы 135 жолаушысымен апатқа ұшырады. Ұшақ Амстердамның әуежайына қонбақшы болғанда құлаған. Turkish Airlines әуе компаниясының айтуынша, үшке бөлінген ұшақтан ондаған адам аман-есен шықты. Хабарларға қарағанда, 9 адам қаза тапқан. Тағы 50 шақты жараланғандар бар. Ұшақ құлағанда өртенбеген. Әзірге апаттың неден болғаны белгісіз.
XS
SM
MD
LG