Accessibility links

Жапония Ауғанстан мен Пәкістанға өкіл тағайындайтынын айтты.


Жапония Ауғанстан мен Пәкістанда тұрақтылық орнатуға көмектесу үшін өз елінен аймаққа арнайы өкіл тағайындайтынын айтты. Ресмилердің айтуынша, ол өкіл Жапонияның Испаниядағы елшісі Мотохиде Йошикава болады. Хабарларға қарағанда, ол АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі Ричард Холбрукпен аймақтағы саясатты үйлестіру жайында келіссөздер өткізетін болады.
Бұл жайында Жапония премьер министрі Таро Асоның сейсенбі күні Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінен кейін айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG