Accessibility links

Өзбекстан АҚШ-тың Ауғанстанға әскери емес жүк тасуына рұхсат берді


Бүгін Өзбекстан президенті Ислам Каримов өз аумағы арқылы Құрама Штаттардың Ауғанстанға әскери емес жүктерді тасымалдауына келіскенін айтты. Өзбек президенті бұл туралы Ташкентке ресми сапармен келген Түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхмедовпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Президент Каримов көрші Ауғанстанға өтетін жүк өзбек заңы негізінде әскери жүк болмайтынына баса тоқталды.
АҚШ генералы Дэвид Петрэус өткен аптада Ауғанстанға жүк жеткізетін тасымал аймағын іздеп Өзбекстанға барған болатын.
2005 жылы Өзбекстан Әндіжандағы қанды оқиғаға байланысты Еуропа Одағы мен АҚШ сын айтқан соң, Ауғанстандағы күштерге қолдау танытып келген Құрама Штаттар әуе базасын жауып тастаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG