Accessibility links

Эстония құпия мәлімет берген деп бұрынғы қауіпсіздік қызметкерін соттады


Бүгін Эстония соты бұрынғы қауіпсіздік қызметкерін сатқындықпен шпиондық жасады деген айыппен 12 жарым жылға түрмеге жапты. 61 жасар Герман Симм Эстония қорғаныс министрлігінде 1995 тен 2006-ші жылға дейін қызмет еткенде көбісі НАТО-ға қатысты елдің құпия мәліметтерін білген. Сот Симмді мемлекетке сатқындық жасап, құпия ақпарат тасыды деп ұзақ жылға соттап отыр.
Ел прокуратурасы өткен жылы Герман Симм Еуропа Одағының адамымын деген Ресейдің сыртқы барлау қызметінің офицеріне ақпарат берген болуы мүмкін деп айтты

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG