Accessibility links

Ресей Ходорковскийге қарсы бір шағымды қабылдамады


Бүгін Мәскеу соты мұнай магнаты Михаил Ходорковскийге қарсы онымен түрмеде бірге отырған Александр Кучманың талап-арызын қабылдамады.
Кучма түрмеде өзін Ходорковский жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтып, оны сотқа беріп, мұнай алпауытынан моральдық өтем ретінде 13,700 доллар талап еткен.
Ресей соты Кучманың бұл шағымынан Ходорковскийге қарсы болатын жаңа сот процесі қарсаңында бас тартып отыр.
Онда Ходорковский алаяқтық жолмен қаржы операцияларын жүргізген деген күдікпен наурыздың 3-де сот отырысы болады.
XS
SM
MD
LG