Accessibility links

«Азат» партиясының митингісі тағы да өтпей қалуы мүмкін


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қазақстандық «Азат» демократиялық партиясы облыстардағы бөлімшелерінің 21 ақпанда өткізуге тиіс митингілеріне рұқсат берілмеген болатын.

Бұдан кейін «Азаттықтар» митингті ақпанның 28-інде өткізуге рұсат сұрап, қайта хат жолдаған. Партия жетекшілерінің айтуынша, бұл митинг те өтпей қалатын сияқты. Осы аптаның басынан бастап, республиканың барлық аймақтарынан, түрлі ескертулер жазылған хаттар келіп жатыр екен.

Осы себептен жергілікті партия өкілдері әкімшіліктің бұл әрекетіне наразылық танытып, сотқа шағымданған. Қазіргі таңда сот істері қаралуда.

Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген «Азат» партиясы төрағасының орынбасары Маржан Аспандиярова: «Қаралу үстіндегі істе сот шешімі біздің жақта болмасы анық. Қазақстандық соттардың жергілікті биліктің сөзін сөйлейтіндігі жасырын емес. Барлық облыстардың әкімдіктері дәл сол күні түрлі спорттық және ойын-сауық шараларын өткізетін болып шықты. Мәселен, сол күні Қызылордағы Қорқыт ата ескерткіші маңында «су тасқынының алдын алу шараларына байланысты оқу-жаттығулары» өтеді екен. Ақтөбеде хоккейден жарыс өтпек, ал Маңғыстау облысында «Масленица» мерекесі тойланатын көрінеді», — дейді.
XS
SM
MD
LG