Accessibility links

ҚР ІІМ:Әйелдерге күш көрсету көбейіп отыр


Бүгін Алматы қаласының әкімшілік апараты, ҚР ІІМ, БҰҰ даму қоры мен Дағдарыс орталығы одақтары баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстан парламенті қарастырып жатқан ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы заң жобасын талқыға салды. Аталған жиынның мақсаты үкіметтік органдар мен азаматтық қоғам арасында гендерлік алалаушылық пен зорлық-зомбылық мәселесін шешуде үндестік орнату, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, 2008 жылы Қазақстанда әйелдерге күш көрсету деректері 0,2 пайызға көбейген, яғни 2007 жылы 32556 қылмыс тіркелсе, 2008 жылы бұл қылмыстардың саны 32632 болған.

Дағдарыс орталығы одағының зерттеулері бойынша, әрбір үшінші әйел соққыға жығылады, ал әрбір бесінші әйел зорлаудың құрбаны болады, адам саудасындағы «тауардың» 80 пайызын да әйелдер құрайды екен.

Шараны өткізушілердің айтуынша, заң жобасы неке-отбасы қатынастарын реттейтін «отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласы» түсінігін де енгізбек.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG