Accessibility links

Грузиялықтар орысша әндер мен киноларға бір күнге бойкот жариялады


Грузия сәрсенбі күні елдің Советтің Қызыл Армиясына қосылған 88 жылдығын атап өткенде, орыс тіліндегі әндер мен киноларға күні бойы бойкот жариялады. Мұндай ұсыныс белгілі деген интернет парақшаларында айтылып, грузиялық көптеген телерадио бекеттер орыс тіліндегі фильм-әндерді әуеге бермеді.
Батумидегі Аджара радиосының музыкалық продюсері Кука Беридзе Азаттықтың грузин қызметіне хабарлағанында, бұл қарсылық шарасына қосылу арқылы 1921 жылғы ақпандағы большевиктерге қарсы шайқаста қаза тапқандарды еске алдық деген. Кука Беридзе мен тағы басқалар Грузияда Ресейдің поп-музыкалары екі елдің арасындағы тамыз айындағы қақтығыстан бұрын кең таралғанын айтады. Сонымен бұл бойкот бір күнмен шектелді. Кейбір телеарналар мен FM радиобекеттері ол қарсылық шарасына қатысудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG