Accessibility links

Ресей мен Украина наурызда газ дауына тағы оралмақ


Ресей басылымдарының жазуынша, мемлекеттік Газпром компаниясы қайтадан егер Украина наурыздың 8-не дейін 400 млн доллар болатын жаңа қарызын өтемесе, газ беруді тоқтататынын ескерткен. Коммерсант басылымының хабарлауынша, Газпромның қаржы департаментінің басшысы Сергей Круглов басқарма директорларын кездесуге шақырып, Украинаның ақпан айының ақшасын төлеу мүмкіндігіне алаңдаулы екенін жеткізген. Круглов егер ақша айтылған уақытта төленбесе, келесі күні Газпром тағы да газды тоқтатады деп ескертті.
XS
SM
MD
LG