Accessibility links

Қалалық сот "Тасжарғанның" айыппұлын 10 есеге өсірді


Бүгін Алматы қалалық соты журналист Алмас Көшербаев пен оппозициялық "Тасжарған" газетінің апелляциялық шағымы бойынша Медеу аудандық сотының шешімін қарап, депутат Ромин Мадиновтың ар-ожданына тиді деп газет пен журналистен 30 млн теңге өндіріп беру жөнінде қаулы шығарды.
Алматы қалалық сотының отырысы "Тасжарған" газеті мен журналист Алмас Көшербаевтың қатысуынсыз өтті.
Осыған дейін қаңтардың 16-да Медеу аудандық соты “Байғұс латифундист” деген мақала үшін газет пен журналистен депутат Ромин Мадиновқа 3 млн теңге өндіріп беру жөнінде шешім шығарған еді.
XS
SM
MD
LG