Accessibility links

Бангладеш премьер министрі көтерілісшілерді қаруларын тастауға шақырды


Бүгін Бангладеш премьер министрі Шейх Хасина көтерілісшіл күштерді қаруларын тастауға шақырды. Теледидар арқылы сөйлеген Хасина ханым көтерілісшілерді тезарада шайқасты тоқтатуға көндіріп, әйтпесе қатаң жазалар қолданылады деп ескертті. Бұл арада армия күштері шекараның қауіпсіздік күштерінің бас кеңсесі маңына танкілерін орналастырып қойды. Сәрсенбі күні ел астанасы Дакадағы көтеріліс жартылай әскери шекара күзетшілерінің бас пәтерінде ушығып кетті. Онда ішінде бейбіт тұрғындар бар 50 шақты адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG