Accessibility links

Обама Конгреске өзінің бюджет жобасын ұсынды


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама Конгреске өзінің федералды бюджетінің жоспарын ұсынды. Хабарларда 3 триллион доллардан асатын бюджет жобасында бай американдықтар үшін салық ұлғайтылады делініп отыр. Обаманың Конгреске жолдаған 2010 жылға арналған бюджеті Буш әкімшілігіндегі көп саясатты өзгертіп, Обаманың сайлау алды науқан кезінде берген уәделерін заңдастырады.
Бұл бюджетте 200 млд доллардан аса қаржы алдағы 18 ай ішіндегі АҚШ-тың соғыс операцияларына, оның 75,5 млд доллары Ауғанстанды қолдауға деп қарастырылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG