Accessibility links

Пәкістан оппозициясы жетекшілеріне қойылған тыйымға қарсылық танытты


Бүгін Пәкістанда мыңдаған оппозиция қолдаушылары өз жетекшілері ағайынды Шарифтердің сайлауға түсуіне жоғарғы соттың тыйым салғанына наразылық танытты.
Үлкен шеру халық көп шоғырланған Пенджаб өлкесінде өтті. Полиция наразылық шеруіндегі 30 депутатты қамауға алды.
Сәрсенбі күні сот шешімімен бұрынғы премьер министр Наваз Шариф пен оның бауыры Шахбаз Шариф сайлауға түсуі құқынан айрылған болатын. Сонымен қатар бұл шешім Пенджабтағы үкімет басшысы Шахбаз Шарифты биліктен кетіріп отыр.
XS
SM
MD
LG