Accessibility links

Экс-премьердің аты аталатын сот отырысы жалғасуда


Бүгін сағат 11.00-де Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында «Казкоммерцинжиниринг» компаниясы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасады. Үлескерлердің іске тікелей қатысы бар деп айыптап отырған адамдарының арасында қазақ үкіметін 1991-1994 жылдары аралығында басқарған Сергей Терещенконың да есімі аталатынын бұрын да хабарлағанбыз.

Үлескерлердің айтуынша, қылмыстық іске қатысы барлар қатарында А.Ақынбеков, Н. Шаукеров және В. Беридзелер бар. Алданған жұрт А.Оразбаев пен С.Терещенконың және А.Ақынбеков кезінде әріптес болғанын алға тартады. Ал Н.Шаукеров пен В.Беридзе мердігер құрылыс компаниясының құрылтайшылары болған.
XS
SM
MD
LG