Accessibility links

АҚШ президенті федеральдық бюджетке ұсыныс жасады


АҚШ президенті Барак Обама келесі жылғы федеральдық бюджетке ұсыныс жасады. Бюджет көлемі 3 триллион 600 миллиард долларды құрайды. Барака Обаманың айтуынша, бюджет дефициті 1 триллион 750 миллиардқа жетіп қалды, бұл екінші дүние жүзілік соғыстан бергі рекордтық дефицит болып отыр.

Барак Обама өте бай адамдарға салынатын салықты қысқартпауға және халықтың басқа бөлігі үшін салық көлемін азайтуға уәде берді. Денсаулық сақтау жүйесінің реформасына 600 миллион доллардан астам ақша бөлу ұсынылуда. Барак Обаманың бюджеттік ұсыныстары өткен жылғы сайлауалды кампаниясындағы уәдесінен туындаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG