Accessibility links

Авиалайнер апатының басты себебі анықталды


Амстердам әуежайындағы түрік авиалайнерінің апатқа ұшырауының бірден бір себебі — двигательдің істен шығуы. Бұл туралы орын алған жағдайға тергеу жүргізіп жатқан Нидерланды авиациялық қорғаныс қызметі хабарлады.

Ұшақ бортының сынған бөлшектері Парижге сараптамаға жіберілді. «Турецкие авиалинии» авиакомпаниясының Стамбулдан ұшқан лайнері Амстердам әуежайына қонар кезде құлаған болатын. Қаза болған 9 адамның ішінде ұшқыштар да бар, жарақат алған 86 адамның алтауының жағдайлары өте ауыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG