Accessibility links

Үлескерлер шағымы жартылай қанағаттандырылды


Бүгін Алматы қалалық сотында «Спецстальснаб» ЖШС үлескерлерінің ісіне қатысты Казкоммерцбанктің шағымы бойынша сот отырысы өтті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қалалық сот алғашқы инстанцияның шешімін жартылай қанағаттандырып, аудандық сот үкімі жартылай күшінде қалды. «Спецстальснаб» ЖШС-нің мүддесін қорғаушы заңгер Сергей Уткин жоғарғы инстанцияларға шағымданатындығын айтты.

Алғашқы инстанцияда сот үлескерлердің пайдасына шешім шығарып, құрылыс компаниясынан «Казкоммерцбанкке» салған жер телімдерінің кепілін қайтып алатын болған. Соттың осы шешімінің арқасында бұл активтер құрылыстың әрі қарайғы жалғасуына негіз болған. Бірақ банк өкілдері бұл шешімге қарсылық танытып, апелляциялық шағым беріп, осылайша үлескерлер мен банк арасында жаңа жанжал туындаған.
XS
SM
MD
LG