Accessibility links

Обама федералдық бюджет жоспарын Конгреске ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама алғашқы федералдық бюджет жоспарын Конгреске ұсынды. 2010 жылға арналған бұл жоспар құны үш жарым триллионнан асып отыр. Жобаның көп мақсаттарының бірі-Құрама Штаттардың денсаулық сақтау саласына реформалар жүргізу.

Бюджеттік бұл жобада АҚШ-тың әскери мақсаттарына 200 миллиард доллар бөлу көзделуде.

Осы құжатта 2009 жылы 1,75 триллион доллар қаржы тапшылығы болуы мүмкін деп болжам жасалуда. Яғни ішкі жалпы ұлттық өнім 12,3 пайызға тапшылыққа ұшырамақшы. Мұның өзі Екінші дүние жүзлік соғыстан кейінгі осындай ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.
XS
SM
MD
LG