Accessibility links

Ресми Теһран Вашингтонның Иранға қатысты саясатынан өзгерістер күтеді


Иран елі Вашингтонның БҰҰ-дағы елшісін Буш әкімшілігінің Теһранға қатысты айыптауларын қайталауда, деп кіналады. АҚШ елшісі Сюзан Райс БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде Құрама Штаттар ресми Теһранның лаңкестерге қолдау жасауын және ядролық қару жасауға ұмтылыстарын тоқтатқанын қалайды деген еді.

Бұған жауап ретінде Иран елшісі Мұхаммед Хазеи Қауіпсіздік кеңесінің президенті, Жапон елшісі Юкио Такасудың атына хат жолдаған болатын. Хазеи ол хатында Райс ханымның Буш әкімшілігі сөздерін қайталауда екендігін айтқан екен. Сондай-ақ осы хатта Вашингтонның Иранға қатысты саясатына нақты да байсалды өзгертулер енгізуіне шақырған еді.
XS
SM
MD
LG