Accessibility links

ЕуроКомиссия Газа аймағына қол ұшын бермекші


ЕуроКомиссия Газа аймағына көмек ретінде 436 миллион евро беруге әзір. Бұл көмекті ұйым келесі аптада болатын донорлар конференциясында жарияламақшы. ЕуроОдақ Сыртқы істер бойынша комиссары Бенита Ферреро-Валднер ханым арнайы жасаған мәлімдемесінде мұның өзі одақтың Палестина халқына тілектестігі мен көмегінің белгісі деді.

Аталған қаржылар таяуда болған қарулы қақтығыстардан кейінгі Газа аймағын қайта қалпына келтіру мен ондағы реформаларға көмектесу мақсатында берілмекші.

Ферреро-Валднер ханымның айтуынша, Израилдің блокадасы астында қалып отырған Газа аймағына бару өте қиын шаруа болды.
XS
SM
MD
LG