Accessibility links

Иемен Ресейден қару сатып алмақшы


Иемен мемлекеттік ақпарат бұлағының хабарлауынша, Иемен президенті Әли Абдулла Салех таяуда Ресейге жасаған сапары кезінде бір миллиард долларға қару сатып алуға келіскен.

Ресейден сатып алынатын қару-жарақтар қатарында МИГ-29 соғыс ұшақтары мен тікұшақтар және Т-72, Т-80 танкілері де бар екен.

Иемен президенті сонымен бірге Аден шығанағындағы қарақшыларға қарсы күреске көмектесуге баратын Ресей кемелеріне порттан арнайы орын бөлінетінін де айтты.
XS
SM
MD
LG