Accessibility links

Қытай мен АҚШ өзара әскери алмасуларды жаңғыртпақшы


Екі күндік сөйлесулерден кейін АҚШ Қорғаныс хатшысының көмекшісі Дэвид Сиднейдің айтуынша, тараптар жоғарғы дәрежедегі алмасуларды таяу арада жүзеге асырмақшы.

Бұл үдерісті Қытай тарапы өткен қазан айында, АҚШ-тың Тайванға қару-жарақ ұсынысынан кейін, тоқтатып тастаған болатын. Аталған мәселе АҚШ пен Қытай арасындағы аса күрделі сауал болып тұр.

Қытай делегациясының басшысы Қиан Лихуа жұма күнгі сөзінде, тараптар арасында сөйлесулердің жүруі кең тұрғыдағы әскери алмасуларға кепілдік бола алмайды деді.
XS
SM
MD
LG