Accessibility links

Обама: АҚШ әскері Ауғанстанда ұзақ уақытқа қалмайды


АҚШ президенті Барак Обама өз сөзінде, Ауғанстанға қосымша күштердің жіберілетініне қарамастан, Құрама Штаттар әскері Ауғанстанда ұзақ уақытқа қалмайды деді.

Обама сонымен бірге тарихтың көрсеткеніндей, Ауғанстан басқыншы күштерге тойтарыс бере білген ел болатын дей келіп, бұл жағдайды АҚШ-тың ескеріп отырғандығын хабарлады.

Алайда президент Құрама Штаттар әскерінің Ауғанстанда қанша уақыт тұратыны жөнінде айта қойған жоқ. Обама Ауғанстанға қосымша 17 мыңдай АҚШ жауынгерлерін жіберуге бұрық берген болатын.

Сондай-ақ президент Обама АҚШ-тың осы аймақтағы стратегиясын қайта қарауда.
XS
SM
MD
LG