Accessibility links

АҚШ әскерінің шығуын Ирақ қызу қуаттауда, алайда көмек те сұрауда


Ирақтағы АҚШ-тың негізгі әскери бөлігін келесі жылдың тамыз айына дейін шығару шешімін Ирақ қызу қуаттауда. Алайда Ираққа көмек көрсету ісінде Вашингтонға тиесілі жауапкершілік әлі қомақты, деді Ирақ вице-президенті Тариқ әл-Хашеми. Ирақ заңдық мемлекет құруда көмекке зәру деді ол.

АҚШ президенті Барак Обама Ирақтан АҚШ күштерін шығарудың уақыт кестесін жұмада жариялаған болатын. Құрама Штаттар Ирақтағы өзінің негізгі әскери бөлігін келесі жылдың тамыз айына дейін шығаратын болады. Обама Ақ үйдің бұл жаңа стратегиясы жөнінде Солтүстік Каролина штатындағы әскери флот базасындағы кездесуі кезінде жариялады.

Президент 50 мыңдай АҚШ жауынгерлері Ирақ қауіпсіздік күштерін жаттығудан өткізу үшін сонда қала бермекші деді.

Осыған қоса Обама мырза Американың Ирақ жеріне немесе табиғи байлықтарына ешқандай таласы жоқ екендігіне ирақтықтарды сендірді.

Өткен қараша айында Бағдатпен қол жеткізілген келісім бойынша Құрама Штаттар өз әскерін 2011 жылдың соңына дейін толық шығаруы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG