Accessibility links

Солана Газа аймағына барды


ЕуроОдақ Сыртқы істер басшысы Хавиер Солана Израилмен арадағы соғыстан зардап шеккен Газа аймағына барды. Солана-Палестина жеріне осыдан екі жыл бұрын Хамас тобы бақылау орнатқалы мұнда келіп отырған ЕуроОдақтың алғашқы жоғары лауазымды өкілі.

Ол БҰҰ ресмилерімен және Палестина басшыларымен кездесті. Алайда Хамас өкілдерімен кездесуден бас тартты. Мұның өзі-ЕуроОдақтың Хамас тобына жариялаған бойкотының бір көрінісі.

Солана мырза Хамас және палестиналық Фатах фракцияларының татуласуына қолдау білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG