Accessibility links

Тәжік шекара бекетіне қарулылар шабуылдаған


Хабарларға қарағанда, ақпанның 27-де кешке болған сол атыстардан Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің 2 офицері қаза болып, 3 шекарашы жараланған. Жергілікті ресмилердің Азаттық радиосына хабарлауынша, Ауғанстанмен шекарадағы Дашти Жам аймағындағы бекетке 30-дан аса қарулы адамдар шабуыл жасаған екен.

Жергілікті ресмилер сөзіне қарағанда, осыдан бірнеше апта бұрын шекара күзетшілері есірткі тасушы 6 ауғандықты өлтіріп, үлкен көлемдегі есірткіні тәркілеген еді.
XS
SM
MD
LG