Accessibility links

Ресей жаңа энергия келісімшартын әзірлеуде


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, ел үкіметі энергияға қатысты халықаралық жаңа құжат жобасын келесі айда жариялайды. Ол құжаттың мақсаты-Кремлдің Украинамен арадағы дауы сияқты мәселелерді шешуге көмектесу деді президент. Ол сонымен бірге аталған жобаның келесі айда Лондонда болатын Үлкен 20-лық басқосуына дейін әзір болатынына сенім білдірді. Дмитрий Медведевтің пікірінше, бұл құжат тұтынушы мен сатушы арасындағы қызығушылықтарды реттеп тұру үшін қажет.

Бұдан 15 жыл бұрын халықаралық Энергия келісімшарты құжаты да дәл осы мақсатты көздеп қабылданған болатын.

Алайда ресми Мәскеу бұл құжат тек тұтынушының қызығушылығын ғана қамтыған деп, оған қол қоймай келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG