Accessibility links

Хариримен бірге қаза болғандарды сотта үнсіздікпен еске алысты


Ливанның бұрынғы үкімет басшысы Рафик әл-Хариридің өлімі себептерін зерттеуге байланысты БҰҰ-ның арнайы трибуналы наурыздың 1-де, Гаагада өз жұмысын бастады. Сол жолы, 2005 жылы Хариримен бірге тағы 22 адам қаза болған еді.

Гаага сотының ресми тіркеушісі Робин Винсент ол марқұмдарды еске алу үшін, сот залына жиналғандарға бір сәт үнсіздік жариялады.
Сотта осы істі жүргізуші, БҰҰ-ның прокуроры Дэниел Беллемар әл-Арабия телеарнасына, сенбі күні берген сұхбатында Ливан үкіметіннен осы қылмысқа байланысты төрт генералды ұстап берулерін сұрайтынын айтты.

Ол 4 генерал Харири қаза болған 2005 жылы Ливанның сирияшыл қауіпсіздік жасағының қолбасшылары болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG