Accessibility links

Египетте Газа секторына көмек мәселесі көтерілмек


Бүгін Египетте Газа секторын қалпына келтіру жөнінде халықаралық конференция басталады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон конференцияға қатысу үшін ұшып келді.

Хиллари Клинтон Құрама Штаттардың атынан Израиль әскерінің ХАМАС тобына қарсы операциясы кезінде зардап шеккен Газа секторын қайта қалпына келтіруге 900 миллион доллардың бөлінгенін жария етпек.

Жексенбіде Газа секторына Ұлыбританияның экс-премьері, Таяу Шығыстағы халықаралық делдалық төрттіктің өкілі Тони Блэр барды, оның мақсаты — сектордағы қирау шығынының көлемін анықтау.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG