Accessibility links

АҚШ: Иранның ядролық қару жасайтын заттары жеткілікті


АҚШ Иранның ядролық қару жасауға арналған жарылғыш заттары жеткілікті көлемде деген мәліметке ие. Бұл туралы «Си Эн Эн» телекомпаниясына сұхбат берген АҚШ Қарулы күштері штабы комитетінің басшысы Майк Маллен мәлім етті. Оның айтуынша, егер Иран ядролық қарудың иесі болса, онда бұл әлем үшін жағымсыз хабар болмақ.

Теһран өзінің ядролық бағдарламасының бейбітшілік мақсатта құрылғанын алға тартуда. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жуықта елдегі уран байыту жұмыстарының баяулап қалғаны туралы баяндады.
XS
SM
MD
LG