Accessibility links

Еуроодақ елдерінің басшылары арнайы қор құрудан бас тартты


Брюссельде өткен шұғыл саммит кезінде Еуроодақ елдерінің басшылары аталмыш одақтың бірегей нарығына қауіп төндіретін дағдарыспен күрес жөніндегі қолдау шараларынан тартынуға келісті.

Саммитте Венгрия премьер-министрі Ференц Дюрчаньнің Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдеріне көмек көрсету үшін 250 миллиард доллар көлемінде арнайы қор құру туралы ұсынысы қолдау тапқан жоқ. Еуроодақ елдерінің басшылары көмек тек қана қатты қиыншылыққа ұшыраған елдерге көрсетілуі тиіс деп келісті.

Сонымен бірге Еуроодаққа төрағалық етуші Чехияның премьер-министрі Мирек Тополанек 5 сәуір күні Прагаға келетін АҚШ президенті Барак Обаманың Еуроодақ елдерінің басшыларымен кездесетінін айтты.
XS
SM
MD
LG