Accessibility links

В.Школьник: Қазақстанның 13 өңірінде өнеркәсіп көлемі төмендеген


Республиканың 13 өңірінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің төмендеу ағымы байқалады, — деп мәлім етті ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник.

Министрдің мәліметінше, Ақмола облысында өңделмеген алтын мен подшипниктер шығару көлемі 82,1% төмендеген; Ақтөбе облысында мұнай, феррохром және феррохром концентраттарын өндіру көлемі 74,4% кеміген; Алматы облысында темекі, қант, электр және жылу қуатын өндіру көлемі азайған.

Шығыс Қазақстан облысында төмендеу мыс кені, аффинаждық күміс, магний, бериллий, автокөлік өндірісі 97% төмендеген; Жамбыл облысында электр және жылу қуатын, фосфор, фосфор қышқылын, натрий трифосфатын өндіру азайса; Батыс Қазақстан облысында 97%-дық төмендеу газ конденсаты мен табиғи газды өндіруге тиесілі.

Қарағанды облысында тегіс прокат, мыс кені, көмір концентратын; Қостанай облысында темір кенін шығару; Қызылорда облысында мұнай (98,3%); Павлодар облысында электр қуатын, феррохром мен көмір; Солтүстік Қазақстан облысында электр және жылу қуатын өндіру төмендесе, Астанда бетон, жылу қуатын өндіру конструкциялары, Алматыда арақ, жүзім шарабы, сыра, қара металл концентраты мен алюминий аз өндірілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG