Accessibility links

Қырғызстан азаматшасы есірткімен ұсталды


Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы «Ауыл» кеден бекетінің қызметкерлері жолаушылар поезын тексеру барысында ішінен ұнтақ зат табылған қара түйіншекті байқап қалған. Иісшіл ит тапқан түйіншектің иесі 60 жастағы Қырғызстанның азаматшасы болып шыққан, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Сараптаманың қорытындысы бойынша табылған заттың 2981,88 грамм «героин» есірткісі екені анықталған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG