Accessibility links

Алматы мекемелері жарықсыз қалуы мүмкін


«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС наурыз айының екінші жартысынан бастап Алматы облысы мен қаласының қарыздары төленбеген бюджеттік мекемелеріне электр энергиясын жеткізуді тоқтататынын хабарлайды. Алматы облысы мен қаласының жалпы қарыздарының көлемі 750 млн теңгеден асып кеткен.

«Егер қысқа мерзімде электр энергиясының ақысы төлене бастамаса, 2009 жылдың 16 наурызынан бастап электр энергиясын жеткізу тоқтататылады. Сондай-ақ көптеген мекемелермен 2009 жылдың электр энергиясы үшін келісім жасалмаған. Қазіргі уақытта 756 бюджеттік мекеменің 50 пайызының ғана электр энергиясын пайдалану туралы келісімі бар», — делінген мекеме таратқан хабарламада.

«АлматыЭнергоСбыт» Алматы облысы мен қаласының 2,3 млн тұрғыны мен 21 мың кәсіпорнын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған мекеме.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG