Accessibility links

Қырғызстан Қазақстанмен арадағы шекара сызығын белгіледі


Қырғызстанның шекара қызметі Қазақстанмен арадағы шекара сызығын белгілеуді бастады, — деп хабарлады Қырғызстан шекара қызметінің басшысы Замир Молдошев.

«Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 28 шекара бағаны орнатылды. Осылайша біз Қазақстанмен шекара демаркациясын бастадық, енді бұл шекаралас мемлекетпен даулы аймақтар болмайды дей аламыз», — деді Замир Молдошев.

Сондай-ақ көршілес екі елдің арасында Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы Қарқыра шатқалы мен Талас ауданындағы гранит шығару карьері соңғы уақытқа дейін даулы күйінде қалып отыр.
XS
SM
MD
LG