Accessibility links

Журналистер қауымы президентке Үндеу жариялады


Бүгін Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев пен «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Қалеева ҚР президенті Н.Назарбаевтың атына Үндеу жариялады.

Үндеу авторларының айтуынша, мемлекет басшысының назарын аударып, Үндеу жариялауға отандық БАҚ мен олардың өкілдерінің тағдырына алаңдаушылық себеп болып отыр. Атап айтқанда, Алматы қалалық сотының ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ромин Мадиновтің «Тасжарған» газеті мен журналист Алмас Көшербаевқа қатысты шағымы бойынша шығарған шешімі журналистер қауымының наразылығын тудыруда.

«Журналистер қауымы сізге азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілі ретінде қайрыла отырып, осы бір адам айтқысыз жағдай әділ түрде шешіледі деп үміттенеді. Біз Қазақстан журналистерінің ақылына сыйымды және ЕҚЫҰ нұсқауларына сәйкес моральдық шығынның шегін белгілейтін заң жобасын дайындауға бастамашы болуды сұраймыз», — делінген Үндеу мәтінінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG