Accessibility links

Иран АҚШ журналисінің ұсталғанын растады


Бүгін Иран ресмилері биліктің иран-текті американ журналисін қамауда ұстап отырғанын растап, бірақ оған айыптар тағылмағанын айтты.
Францияның ақпарат агенттігіне сот өкілі Али Реза Жамшиди журналист Роксана Сабери Техрандағы Евин түрмесінде отырғанын хабарлаған.
Дүйсенбі күні Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хассан Қашқави американдық журналист Иранда заңсыз жұмыс істеген, баспасөз өкілі екенін растайтын құжаты болмаған деп мәлімдеген.
АҚШ-тың ақпарат көздері болса Саберидің әкесінің сөзін келтіріп, америкада дүниеге келген бұл журналист қаңтар айында ішімдік сатып алып жатқанда ұсталған деп жазып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG