Accessibility links

Шри-Ланкалық крикет тобы Пәкістанда шабуылға тап болды


Пәкістандағы жарыстары алдында Шри-Ланканың ұлттық крикет тобына қарулы топ шабуылдады. Онда бес полиция қызметкері қаза тауып, бірнеше крикет ойыншылары жараланды.
Полицияның айтуынша, елдің шығысындағы Лахор қаласындағы стадионға бара жатқан крикет ойыншыларының автобусын ондаған шабуылдаушы торуылға алған.
Пәкістан ресмилері бұл шабуылдың артында кімдер тұрғаны туралы айта алмай отыр. Пәкістан мен Шри-Ланка президенттері бұл шабуылды айыптап мәлімдеме жасады.
Қауіпсіздік мәселесіне байланысты бірқатар шетелдік спорттық топтар Пәкістанда ойнаудан бас тартқан.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG